Жаңаөзен жастары құқық қорғаушылармен кездесті

Жаңалықтар

Жаңаөзенде колледж студенттері полиция қызметкерлерімен кездесіп , «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша пікір алмасты.

Еркін формат түрінде өткен жиында қалалық полиция басқармасының бастығы Нұрсұлтан Мұханбетқали жастардың сауалына жауап берді. Құқыққорғаушылар жас буын өкілдерін есірткі бизнесі және буллингпен бірлесе күресуге шақырды. Айта кетейік, бұл шара жастардың құқықтық сауатын арттырып, еліміздің заңнамасын түсіндіруге бағытталды.

Юсуф Қысбаев, колледж директорының орынбасары:

- Жалпы колледжімізде қазіргі таңда арнайы заңбұзушылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті «қауіпсіздік сағаттары», одан бөлек арнайы «тәртіп» сағаттары міндетті түрде өткізіліп тұрады. Алдағы уақытта осы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында және де жастар арасындағы заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында өзіміздің жоспарымызға сәйкес жұмысымызды атқара береміз.