Көпшілікке “Қалаулым” бағдарламасының қатысушысы ретінде танылған блогер Камила Әділхан денсаулығы сыр бергенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отбасымен бірге Малайзия елінде тұрып жатқан блогер есінен танып, жергілікті жедел жәрдем қызметіне жүгінуге мәжбүр болған.
”Малайзия біртүрлі екен. Ауыруға болмайды. Кешегі түннен бүгінгі түнге дейін аурухана ақысы 805 мың шықты. Малайзияға келіп жатсаңыздар ауырмаңыздар”, — дейді блогердің күйеуі Мағжан Аймаханов.
Блогердің өзі жедел жәрдемнің ақысын да жасырмады.
”Кеше жедел жәрдем шақырғанда жергілікті тұрғындар нақты шақырайық па деп сұрады. Сөйтсек, жедел жәрдемнің өзі алғашқы көмек көрсеткені үшін 300 мың теңге сұрады. Бұл ақшаларды әлі миымыз қорыта алмай жатыр”, — деп жазды ол.
Алайда, блогер медицинасы қымбат болса да әзірге Малайзиядан көшпейтінін айтты.
”Бұл елде басқа жақтарда тұрып келген қаншама адаммен таныстық. Бәрінің айтатыны басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның медицинасының арзандығы. Тек халық сыртқа шығып ауырмаған соң қадірін түсіне бермейді. Мысалы біз қатты түсініп жатырмыз. Ауырдық екен деп қайтадан қайтып кетпейміз ғой. Малайзияда визамыз бар. Алла нәсіп етсе, білім алуға, өзіміз оқуға, кәсіп жасауға келген жайымыз бар. Бір ауырдық екен деп қайтып кетсек біртүрлі шығар”, — деді блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Камила Адилхан (@e.kamik)