"5 сәуірге дейін үлгеріңіз": Мопедшілерге министрліктен ескерту жасалды

Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеу қажеттігін ескертті .

Қазір республика бойынша 8527 мопед тіркелген, деп жазады inbusiness.kz ведомостваға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалған. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті тізгіндеуге тыйым салынады.

Мұндай құқықбұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді.

"Оны тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет. Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін "жағымсыз салдардан" аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкес келтіргеніңіз абзал", — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.