Түркістан тұрғындарына қайырымдылық күні қарсаңында су мен құрма таратылды

Жаңалықтар

Түркістан облысында қайырымдылық жасау күні қарсаңында игі шаралалар қолға алынды.

Атап айтсақ, Департамент қызметшілері мен Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесінің» мүшелері қайырымдылық жасау күні қарсаңында тұрғындарға құрма мен су таратты.

Мұндай бағыттағы шаралар қоғамдағы адамгершілік пен рухани құндылықтарды арттыруға және сыйластық пен ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді.