«Қоқысқа кеткен миллиард»: Халықтың ақшасын желге шашқан әкімдіктер қоғамды шулатты 

Жаңалықтар

Ақтау әкімдігі жұмсаған қаражатқа қоқыс өңдейтін зауыт салуға болады. Бюджет қаражаты қайда кетіп жатыр?

Бюджет қаражаты қайда кетіп жатыр? Қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Әкімдіктер мен шенеуніктер өткізіп жатқан барлық мемлекеттік сатып алулар ашық орналастырады, сәйкесінше бюджет қаражаты қайда кетіп жатқанын көре алады. Бұл жолы Ақтау қаласының әкімдігі халықтың ашуына тиді. Толығырақ Caravan.kz медиа порталы тарқатады.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сай, қалалық құрылыс бөлімі төрт қанатты 12 киіз үй сатып алуға 81 млн теңге бөліпті. Яғни, қуықтай әр үйді шамамен 7 миллион теңгеден сатып алмақшы.

Бірақ 81 млн дегенге қоғам аса селк ете қойған жоқ. Ең сорақысы дәл осы әкімдік 192 қоқыс контейнерін орнатуғашамамен 1 миллиард теңге бөлген. Бұл бір контейнердің бағасы шамамен 5 миллион теңгені құрайтынын білдіреді.

Алайда, халық наразылығынан кейін атқамінерлер бұл ойынан тез айнып қалды. Тіпті тендерді тоқтатып, бюджеттің бақандай бір миллиард теңгесін үнемдеп қалды. Ерлік емей немене?

Ұқсас жағдай Шығыс Қазақстан облысында да орын алды. Әлеуметтік желіде блогер бөліскен ақпаратқа сенсек, Өскемендежерүсті өткелінің шатырын жөндеуге 45 миллион теңге бөлінген екен. Оның сөзінше, бұл толық шатырды алмастыру емес, тек жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат.

Блогер 2019 жылы Шығыс Қазақстанда заманауи жарықтандыру жобасына 2,5 миллиард теңге бөлінгенін, алайда кейінненжарық та, қаржы да ізім-ғайым жоғалғанын еске салды.

«Ал, “Ақтау бай қала” деген сайын білгендерін істеп жатыр. Шамасы Тоқаевтың: “белді бекем буатын кез келді”- деген тапсырмасы теңіздің толқынымен шенеуніктердің құлағынан шайылып кеткен сияқты», — деп пікір білдірді журналист Диас Нұрақын.