Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-оффында ойнайтын командалар толықтай анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыс конференциясынан «Локомотив» (Ярославль), «Динамо» (Мәскеу), «Спартак» (Мәскеу), ЦСКА (Мәскеу), «Динамо» (Минск), «Северсталь» (Череповец), СКА (Санкт-Петербург) және «Торпедо» (Төменгі Новгород) сондай мүмкіндікке ие болса, Шығыс конференциясында «Трактор» (Челябі), «Салават Юлаев» (Уфа), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск), «Ақ Барс» (Қазань), «Авангард» (Омбы), «Адмирал» (Владивосток) және «Сибирь» (Новосібір) клубтарының асығы алшысынан түсті.
Өкінішке қарай, биылғы маусымды сүреңсіз өткізген Астананың «Барысы» Гагарин кубогі үшін таласатын командалардың қатарына қосыла алмады.