«Менің толқыным»: Нейрожелілер қазақстандықтардың көңіл күйіне сай музыка таңдауға қалай көмектеседі

Жаңалықтар

Қазіргі әлемде музыка жай ғана фондық сүйемелдеу емес, адамның эмоционалдық көңіл күйіне, шабытына және еңбек өнімділігіне әсер ететін маңызды элементке айналды. Қазақстандық блогерлер мен қоғам қайраткерлері музыка күнделікті өмірлері мен кәсіби қызметтерінде қандай рөл атқаратынын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жасанды интеллект музыка таңдауға көмектеседі

Технологияның дамуы музыканы жеке талғамға сай таңдауға мүмкіндік берді. Мысалы, Яндекс Музыкадағы «Менің толқыным» атты ақылды ұсыныс жүйесі тыңдау тарихын, тректердің ретін және басқа да факторларды талдап, әрбір қолданушыға бірегей плейлист жасап береді. Бұл жүйенің негізінде күрделі нейрондық алгоритмдер жатыр. Олар ағымдағы музыкалық талғамды ескеріп қана қоймай, болашақта қандай әндер ұнауы мүмкін екенін болжай алады.

Мұндай технологияның арқасында тыңдаушылар өз өмірінің маңызды сәттерін жеке плейлистермен толықтыра алады, дәстүр мен заманауи мүмкіндіктерді үйлестіре отырып музыка тыңдайды.

Блогерлер мен танымал адамдар музыка туралы

Блогер Наима Байсафа үшін музыка – жаңа өмірлік кезеңнің, аналық сезімнің көрінісі.

Музыка көңіл күйді қалыптастырады. Бала туғанға дейінгі өмір – энергия мен алаңсыздық болса, одан кейінгі өмір – керемет эмоциялар мен жаңа ырғақтарға толы, – дейді Наима.

Bekaeasy лақап атымен танымал блогер Бекзат Елеусізов музыка арқылы қазақстандық аудиторияны баурайтын бейнелер мен образдар жасайды. Оның кейіпкерлері – Гүлмира Арыстанбекқызы мен «Танымал ағай» – жергілікті интернет-мәдениеттің бір бөлігіне айналған.

«Менің толқыным» – ең жақсы ұсыныстар жүйесі. Жеке өзім үшін ол маған мінсіз плейлист ұсынады. Сол әндер тізбегін қоссам болды, бірден жинақталып, іске кірісемін, – дейді Bekaeasy Гүлмира образында.

Паралимпиада құрамасының мүшесі әрі блогер Айсұлу Сүлейменова да музыканың мақсатқа жетуде шабыт сыйлайтынын жасырмайды.

Яндекс Музыкадағы «Менің толқыным» жүйесі менің талғамымды ескеріп, көңіл-күйіме сай мінсіз әуендер тауып береді. Ол менің тыңдау тарихым мен лайктарымды талдай отырып, маған ұнайтын тректерді ұсынады, – дейді Айсұлу.

Жасанды интеллект музыканы тыңдауға жаңа мүмкіндіктер ашады

Осындай озық технологиялардың арқасында тыңдаушылар тек сүйікті әндерін тыңдап қана қоймай, жаңа бағыттарды ашып, шығармашылық пен жетістіктерге шабыт ала алады. «Менің толқыным» сияқты жүйелердің дамуы музыканы тыңдау мәдениетін жаңа деңгейге көтеруде.