"Алматы жастары 2025": тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау қашан басталады

Жаңалықтар

Ең жоғарғы несие сомасы – 20 миллион теңгеге дейін .

Алматы әкімдігі 14-26 наурыз аралығында 35 жасқа дейінгі қала жастары үшін "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу бойынша өтінішті қабылдау басталғанын мәлімдеді.

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша несиелендіру мөлшері 18 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:

  • Ең жоғарғы несие сомасы – 20 миллион теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
  • Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2 550 адам, оның ішінде 1050 "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі


Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:

  1. Өтініш беруші мен оның жұбайының (зайыбының) өтініш беру кезіндегі Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуға тиіс.
  2. Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауға тиіс (жұбайының жасына қарамастан). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады (бар болса).
  3. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі бес жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы керек.
  4. Өтініш беруші кейінгі алты айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет.

Қатысушы таңдаған келесі салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.