Жоба жүзеге асырылған екі жыл ішінде заңгерлер 70 мың адамға көмек көрсетті.
Елде "Қарызсыз қоғам" жобасы арқылы 850 мыңға жуық тұрғын қаржылық сауатын арттырды. Жобаға қатысқандардың 40%-і қарыз жүктемесі мен несиелер санын азайтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алайда халықты интернет-алаяқтардың әрекетінен қорғап, қаржы пирамидаларынан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесі әлі де өзекті. Осы мақсатта "AMANAT" партиясы мен Қаржылық мониторинг агенттігі өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Құжатқа партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов қол қойды. "Қарызсыз қоғам" жобасы қарызға, қаржылық тұрақсыздық мәселелеріне тап болғандарды қолдаудың тиімді тетігіне айналды.