Ресей мен Украина тұтқын алмасады

Жаңалықтар

Ресей президенті Путин Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, кей шарттар бойынша Ақ үй басшысымен мәмілеге келді.

Бұл туралы Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасай отырып Трамптың өкілі Каролин Ливитт хабарлады.

Айтуынша, Ресей Киевпен шетелдік әскери және барлауға қатысты көмекті тоқтатуға келісті. Бүгін тараптар 175 әскери тұтқын алмасады. Әңгіме барысында Трамп тараптар энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққыны 30 күнге дейін тоқтата тұруды ұсынды. Путин бұл бастамаға оң пікір білдірді. Дереу Ресей әскери күштеріне тиісті бұйрық берді. Ресей президенті Трамптың Қара теңіздегі кеме қауіпсіздігіне қатысты бастаманы жүзеге асыру идеясын да қолдады.