Украина Ресей мен АҚШ арасындағы келісімді қолдайды.
Бірақ ол елдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуі тиіс.
Владимир Зеленский Дональд Трамп пен Владимир Путин арасындағы келіссөздерге қатысты осындай пікір білдірді. Сондай-ақ Украина басшысы келісімнің жай-жапсарына қанық емес екенін айтты. Осы ретте Ақ үй басшысының хабарласқанын күтіп отырғанын мәлімдеді. Тек осыдан кейін келесі қадамымыз қандай болатынын нақты айта аламын, — дейді Владимир Зеленский. Оның айтуынша, бұл келіссөздерде Ресей жалғыз тарап емес. Украинаның мүддесі де ескерілуі тиіс. Сондықтан одақтастарымыз бізді орта жолда қалдырмайды. Әскери көмегін тоқтатпайды деген сенім мол, дейді Владимир Зеленский. Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келісімі Украинада қарулы қақтығыстарды тоқтатудағы алғашқы маңызды қадам болмақ. Германия мен Франция басшылары АҚШ пен Ресей президентерінің келісімдеріне осындай баға берді. Сондай-ақ олар барлық маңызды шешімдер Украинаның келісімінен кейін қабылдануға тиіс дейді.