Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, елордалық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00-ден 16:00-ге дейін қабылданады, — делінген мәліметте.
103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.