«Арадай шақ»: Қазақ боксшысы өзін әйгілі Мұхаммед Әлиге теңеді

Жаңалықтар

Странджа турнирінің алтын жүлдегері Төрехан Сабырхан Болгарияда өткен финалдық жұдырықтасудан видео-үзінді жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

18 жастағы Төрехан кіші әлем чемпионаты аталып кеткен бұл жарыста алтыннан алқа тағып, еліміздің туын биік көтерген еді. Сондай-ақ ел тарихында тұңғыш рет Странджа кубогінің үздік боксшысы атағын иеленген алғашқы былғары қолғап шебері.

"Көбелектей қалықта. Арадай шақ", — деп жазыпты Төрехан атақты Мұхаммед Әлидің сөзін видео жазбасына.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан Париж Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sabyrkhan Torekhan (@sabyrkhantorekhan)