Ресей Мемлекеттік Думасы Ресей Федерациясы басшысы Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың телефон арқылы сөйлесуі шамамен 2,5 сағатқа созылғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Кремльдің ресми мәлімдемесінен:
Путин Украинаны бейбіт жолмен реттеуге деген негізгі ұстанымын растады;
Ресей мен Украина 19 наурызда 175 адамға 175 адамды айырбастау бойынша келісім жүргізеді;
Трамп қақтығысушы тараптардың энергетикалық инфрақұрылым нысандарына 30 күн бойы соққы жасамау туралы өзара келісімге келуін ұсынды. Путин бұл бастамаға оң көзқараспен қарап, бірден Ресей әскеріне тиісті бұйрық берді;
Ресей тарапы 30 күндік уақытша бітімнің шарттарын атады: Украинада мәжбүрлі мобилизацияны тоқтату және тиімді бақылауды қамтамасыз ететін бірқатар маңызды талаптарды сақтау.