Атырауда ұлттық киімдер шеруі өтті

Жаңалықтар

Атырауда ұлттық киім күніне орай мерекелік шеру өтті, деп хабарлайды 24kz.

Мәдени іс-шараға 3 мыңнан аса тұрғын қатысты. Арасында шетелдіктер де бар. Ұлттық киімдер шеруі облыс орталығындағы Ту тұғырдан басталып, Исатай-Махамбет алаңына дейін барды. «Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарға насихаттауда іс-шараның маңызы зор», -дейді ұйымдастырушылар. Шеру жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты. Іс-шараға аудан тұрғындары да үн қосты.

Роза Жапарова, қала тұрғыны:

- Бұл үлкен шара. Өте қуаныштымыз. Осындай еліміздің керемет мерекесі, еліміздің жаңа жылы қарсаңындағы өткізіліп жатқан шаралардың бәріне белсенді қатысып келе жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Халқымыз аман болсын.

Нұржан Ермұқанов, қала әкімінің орынбасары:

- Ардақты ақсақалдарымыздан бастап кішкентай балаларымызға дейін, ақжаулықты әжелерімізден бастап кішкентай қыздарымызға дейін өзінің ұлттық киімін киіп, ұлттық рухы мен мәдениетін көрсетіп, керемет шараға бір отбасындай атсалысып жатыр. Мұның өзі ынтымағы жарасқан берекелі еліміздің белгісі деп білемін.