0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Бүгін Германия парламенті бюджеттік шығындарға және қарыз алуға қойылған конституциялық шектеуді алып тастау туралы тарихи құжатты дауысқа салады. Егер Бундестаг бұл заңды мақұлдайтын болса, қорғанысқа инвестиция артады. Бұндай жағдай Германия мен Еуропа қауіпсіздігіне және Украинаны қолдауға игі әсер етеді деген болжам бар.
Бақылаушылардың ойынша, Ресей-Украина соғысы жалғасып жатқанда, ал АҚШ «Қарт құрлықты» қорғаудан бас тартқан шақта, мұндай заңның қабылдануы орасан маңызға ие.
Сонымен қатар, парламентарийлер жобаны қолдап дауыс беретін болса, 500 миллиард еуроның арнайы қоры құрылады. Ондағы қаражат қорғанысқа ғана емес, көпір салу, жол төсеу тәрізді ірі инфрақұрылымдық нысандарға да жұмсалады.
Арыстан Рысбек