Ұлттық киімдерімізді ұлықтау арқылы бай мәдениетімізді дәріптеп, ұлттық бірегейлігімізді сақтау .
Осы мәселе байыпты бастамалар талқыға түскен Бурабайдағы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында талқыға түскен еді. Алқалы жиында Президенттің өзі ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келе жатқанын және бұл өте жақсы үрдіс екенін атап өтті. Әсіресе, ұлттық киімге жастардың қызығушылығы зор. Ал қазақы заманауи бренд қалыптастыруға елорда тұрғындарының көзқарасы қандай?
Блиц 1:
- Президентімізді қолдаймыз, әрине. Шама-шарқымыз келгенше осылай киіп жүреміз. Мынаны мысалы тіккен өзімнің құрбым.
Блиц 2:
- Әрине, біз өзіміздің мәдениетімізді сақтап қалуымыз керек. Біз өзіміздің киімімізді кимесек, өз тілімізде сөйлемесек, басқа ұлттар бізді дәріптемейді деп ойлаймын.
Блиц 3:
- Қазақша киемін. Күшті өте, ешкімнен қалыспайды біздің киімдер.
Блиц 4:
- Өзіміздің Қазақстанда тұрған соң өз киімдерімізді кию керек. Әдемілеп шығарса, дизайндарын жастар өздері киіп шығады, әп-әдемі, қыздарға ұнайды ғой. Ұзын шашты қыздарға шолпылары сылдырлап жүреді.
Блиц 5:
- Қазақ көйлек киемін. Қазақылап орамал тастамаймын. Мәсі киіп жүремін. Біздің ата-бабамыз, аналарымыз киген ғой. Сол сияқты жастар кисе қандай әдемі қазір.
Блиц 6:
- Өзіміздің ұлттық киім жақсы ғой әдемі. Оюлары қандай тамаша. Сәукелесі басына киген тоже тамаша.