АҚШ басты символына қатысты шу шықты

Жаңалықтар

Франция Бостандық мүсінін қайтаруды талап етті.

Француздар әйгілі мүсінді 1886 жылы 28 қазанда АҚШ-қа сыйға тартқан.

Бірақ, АҚШ Францияға Бостандық мүсінін қайтарудан бас тартты. АҚШ-тың Ақ үйі Еуропарламент мүшесі Рафаэль Глюксманның Бостандық мүсінін Францияға қайтару туралы ұсынысына теріс жауап берді. Француз саясаткері бұл бастамасын АҚШ-тың демократиядан алыстап, "тирандар жағына шыққанымен" түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz Коммерсантъ-ке сілтеме жасап.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт президент Дональд Трамп мүсінді Францияға қайтара ма деген сұраққа: "Мүлдем жоқ", — деп жауап берді. Ол сондай-ақ: "Бұл төмен деңгейдегі француз саясаткеріне айтарым — француздардың қазір неміс тілінде сөйлемеуінің себебі тек Америка Құрама Штаттарының арқасы екенін еске салу", — деді.

Бостандық мүсіні Францияда мүсінші Огюст Бартольдидің басшылығымен жасалып, он жылға жуық уақытты алған.

Мүсін АҚШ-қа 1885 жылдың маусымында жеткізіліп, 1886 жылдың 28 қазанында президент Гровер Кливлендтің қатысуымен ашылу рәсімі өтті. 1984 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Қазіргі уақытта мүсін Нью-Йорк шығанағындағы Бостандық аралында, Манхэттеннен шамамен 3 км қашықтықта орналасқан.