Алматыда Наурыз мейрамына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады

Жаңалықтар

10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.

Алматы көшелерінде бірнеше күнге көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Оған байланысты бұл күндері 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.

"Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтетін болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін Абай даңғылы уақытша жабылады.


Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері азық-түлік бағасы көтерілгені үшін қанша айыппұл салынды