Бұл 5-7 жылдан кейін болуы мүмкін.
Америкалық миллиардер, SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск 5-7 жылдан кейін адамзаттың табаны Марс бетіне тиетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маск бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі бір қолданушының жазбасына жауап ретінде айтқан.
"Бұл Жерден Марсқа ұшудың екінші немесе үшінші кезеңінде, шамамен 5-7 жылдан кейін болады", — деді SpaceX компаниясының басшысы.
Оның сөзінше, негізгі мәселе Жердегі технологиялық даму деңгейінің қаншалықты ұзақ сақталатынына байланысты. Яғни, планетадан кемелердің ұшып келуі тоқтаған күннің өзінде Марстың өздігінен дамып, өркендей алуы маңызды. Ондай болмаған жағдайда Марсқа қоныстанған колония тіршілігін жалғастыра алмауы мүмкін, деді ол.
"Бұл уақытша мүмкіндікті барынша ұзартып, өркениетті нығайту үшін бар күшімізді салуымыз қажет", — деді Илон Маск.