Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова амандасу әдептеріне қатысты өз ойын айтты.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оның айтуынша, шақырылған жерге кешігіп келген қонақтардың қол беріп амандасуы дұрыс емес.
“Амандасу қалай болып жатыр қазір?
Қасиетті рамазан айында достармен, туыстармен, сыйлас жандармен ауызашарда күнде бас қосып мәре-сәре болып жатырмыз. Оразаға тұспа-тұс келген жеке мерекелер де жетерлік. Шүкір, тәубе үй шаруашылығына да, жұмысыма да сондай-ақ, сыйлап шақырып жатқан қонақтықтарға да барып үлгеріп жатырмын.
Айтайын дегенім, шақырылған қонақтардың көп бөлігі уақытылы келеді ғой. Дастархан басына жайғасып әдемі әңгімелерін айтып, хал-жағдай сұрасып алады. Ал, енді әртүрлі себептермен кешігіп келген қонақ уақытылы келіп ет жеп отырған қонақтардың үстінен келеді де, бәрін айнала жүріп сүйіп амандасқаны немесе қол алысқаны дұрыс емес деп айтар едім. Тамақтанып отырған қонаққа да, үй иесіне де ыңғайсыздық тудырып жайғасқан қонақтарды бір отырғызып, бір тұрғызатыны бір ретсіз. Кешігіп келді ме, ишара жасап амандасып бос орынға отыра қалғаны дұрыс болады. Ас ішіп дастархан басында отырған кісілермен қол алысып, сүйісіп амандасып қажет емес. Үзіліс болғанда да құшақтасып амандық сұрасуға болады. Ал, оған дейін мәдениетті түрде бас иіп қана амандық білдірсе жетіп жатыр.
Ал жалпы, құрметтеп шақырған дастархан басына кешікпей келсек, тіпті керемет болар еді”, — деп жазды ол.
