2025 жылдың басынан бері Қазақстанда COVID-19 инфекциясының 174 жағдайы тіркелді (169 КВИ+ жағдайы, 5 КВИ-жағдай).
Өлім-жітім фактілері болған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 6 есе төмен.
Жалпы, ЖРВИ, тұмау, КВИ ауруларының алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:
- адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
- үй-жайларды үнемі желдету; қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану;
- науқас адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.