Көрші ел өте қабілетті роботты іске қосты

Жаңалықтар

Робот қонақтарды қарсы алып, кофе ұсынуға да қауқарлы .

Қытайлық Shenzhen Yuejiang Technology Co., Ltd компаниясы үй шаруасына көмектесе алатын адам тәрізді бионикалық роботты жасап шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Xinhua-ға сілтеме жасап.

Робот өздігінен таңғы ас әзірлейді, сүт құйып, тіпті дастархан жасай алады. Оның қолына 28 еркіндік дәрежесі орнатылған. Сонымен қатар, робот нейрондармен басқарылатын ептіліктің өзін-өзі дамыту жүйесімен жабдықталған.

Мұнан бөлек, корпоративтік секторда робот құжаттарды жеткізе алады. Қонақтарды қарсы алып, кофе ұсынуға да қабілетті. Роботтар биылдан бастап шығарыла бастайды деп болжанып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қытайдың роботы әлемде алғашқы болып сальто жасаса, көрші елдің роботтары тұңғыш рет мың бұрала билеп, сахнаның сәнін келтіргенін жазған едік.