Президент жаңа бюджет кодексіне қол қойды

Жаңалықтар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Бұдан былай Қазақстанның бюджеті жаңа тәсілмен басқарылады. Президент жаңа бюджет кодексіне қол қойды. Құжат негізгі 7 бағытты қамтиды.

Кодекстің бірінші блогы салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясатты байланыстыруға бағытталған. Одан соң, мемлекеттік органдардың қаржыны басқару тәртібі оңтайландырылды.

Ал қаржының оңды-солды жұмсалуын болдырмас үшін Парламенттік бақылау да күшейтілді. Төртінші блокта қазынаның кірісін арттырып, шығысын тиімді жоспарлау ережелері көрсетілген. Ұлттық қорды пайдалану тәртібі мен мемлекеттік қарыз саясаты да жаңа заңда қамтылды. Және соңғы блогы азаматтарды бюджет қаражатын бөлу процесіне белсенді тарту үшін халық қатысатын бюджет тәртібі бекітілді.

Оңғар Алпысбайұлы