Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жаңалықтар

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың төрағасы Марко Бошняк Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Меморандум сот төрелігінің халықаралық стандарттарын қолдану, тәжірибе алмасу және судьялардың біліктілігін арттыру саласындағы тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Құжат Қазақстанның Жоғарғы Сотына қазіргі уақытта жалпыға қолжетімді емес сот практикасы материалдарын қарауға артықшылық береді. Бұл қазақстандық судьяларға шешім қабылдау кезінде өзекті еуропалық сот практикасын ескеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазақстандық судьялар үшін танымдық іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Осы саладағы АҚЕС-пен ынтымақтастық Қазақстандағы құқық қолдану практикасын жетілдіру және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау перспективаларын ашады.

Тараптар Жоғарғы Соты мен Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот арасындағы ынтымақтастық еліміздің сот жүйесін дамытуға және сот төрелігінің стандарттарын арттыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.