Қазақстанда былтыр түрлі санаттардағы отбасыларға қанша көлемде жәрдемақы берілгені белгілі болды .
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 848,6 мың отбасы жалпы сомасы 99,9 млрд теңгеге, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 606,9 мың отбасы 86,9 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 241,8 мың адам 13 млрд теңгеге қамтылды.
2025 жылғы ақпан айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 850,9 мың отбасы жалпы сомасы 50,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 609 мың отбасы 44 млрд теңгеге, ал наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 241,9 мың адам 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңгені құрайды.
«Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
«Күміс алқамен» наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
«Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз», – делінген хабарламада.