Алты жобаның сатылым көлемі бір миллиард теңгеден астам сомаға жетті

Жаңалықтар

Ғылыми кадрларды қолдау да ерекше маңызға ие, әсіресе соңғы алты жылда ғылымдағы жастардың үлесі алты есе өсіп, 46%-ды құрағанын ескерсек, бұл мәселенің өзектілігі арта түскенін байқауға болады, Бұл туралы премьер-министрдің мақаласына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол үшін докторантураға бөлінетін білім беру гранттарының саны артып, ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері кеңейе түсуде. Ғылыми жетістіктерді нақты экономика секторына енгізу және оларды коммерцияландыру – маңызды бағыттардың бірі. Биыл 2 297 ғылыми жоба мен 299 ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылуда. Жас ғалымдар ғылыми қызметке белсенді түрде тартылып, олардың қатысуымен 1 055 жоба іске асырылып жатыр. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға келетін болсақ, бүгінде 208 жоба қолданысқа сәтті енгізілді, 180-нен астам өндіріс сатылым кезеңіне шықты. Коммерцияландыру жобаларының еліміздің экономикасындағы жалпы үлесі 118,7 миллиард теңгені құрады. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 25 жоба экспортқа шықты, 6 жобаның сатылым көлемі 1 миллиард теңгеден астам сомаға жетті.