Шекті мөлшер 25-тен 20 пайызға дейін азаяды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 20 пайызға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. Қолданыстағы шекті мөлшер 25 пайызды құрайды.
Бұл ретте өзге несие түрлері мен микронесиелерге қатысты жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні өзгеріссіз қалады.
"Өзгеріс ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының қолжетімділігін арттыру мақсатын жасалып отыр", – делінген агенттіктің түсіндірме жазбасында.
Оқи отырыңыз:
- Ипотека-2025: Қазақстандықтар баспаналы болу үшін қандай бағдарламаларға дайындалуы қажет
- Кепілсіз несие бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі төмендетілмек