Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Жаңалықтар

Қазгидромет 18, 19, 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Республиканың көп бөлігінде күн шуақты болады, елдің тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарына циклон әсер етеді, сондықтан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады. ҚР бойынша тұман түседі.

"Елдің солтүстігінде ауа температурасы түнде 3 аязға дейін-5 жылу, күндіз 5-16 жылу, орталықта түнде 3 аязға дейін-5 жылу, күндіз 5-20 жылу, елдің шығысында түнде 7 аязға дейін-5 жылу, күндіз 3-16 жылу, батыста түнде 5 аязға дейін-5 күндіз 5-18-ге дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 5-13-ке дейін, күндіз 22-30-ға дейін көтеріледі", — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз