Cоңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығы 37%-ға азайды.
ІІМ ет өңдеумен айналысқан заңсыз цехтарды анықтап жатыр, — деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылғы екі айда бұл қылмыс түрі 47,2%-ға төмендеген.
Былтыр екі айда мал ұрлығының 217 дерегі тіркелсе, биыл 152 дерек анықталыпты.
Қазіргі уақытта республика аумағында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Семей қаласынан 17 шақырым жерде тиісті құжаттарсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз етті қайта өңдеуді және сатуды жүзеге асырған заңсыз цех анықталды. 350 бас ірі қара мал, ет өнімдері және етті бөлшектеуге арналған арнайы жабдықтар, 96 дана құлақ жапсырмалары тәркіленді. Шымкентте осыған ұқсас тағы бір цех анықталды. 30-дан астам ірі қара мал және 40 жылқы тәркіленді. Жетісу облысында еркін жайылымнан бес сиырды ұрлап әкеткен ер адам ұсталды.
"Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", — деп атап өтті ведомствода.