Таяуда ғана Азия чемпионы атанған Аида Әбікеева енді әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, Ниш төрінде тағы бір мәрте еліміздің әнұраны шырқалды.
Аида Әбікеева 63 келі салмақ дәрежесінде өткен финалда 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2024 жылғы Олимпиада қатысушысы тайландтық Тананья Сомнуекті жеңді.
26 жастағы Әбікеева әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. 2024 жылы қарағанды бокс мектебінің түлегі Азия чемпионы атанған еді. Енді, міне әлем чемпионатын да бағындырып отыр.
Осылайша ел қоржынында әзірге 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.