Қасым-Жомарт Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Жаңалықтар

Назым Қызайбай еліміздің әйелдер боксы тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы.

48 келі финалында Назым ресейлік Юлия Чумгалаковадан 5:0 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Осы орайда мемлекет басшысы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.

Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.