АҚШ-та қатты дауыл соғып, 33 адам опат болды.
Рейтер агенттігі осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, әсіресе Миссури, Арканзас және Техас штаттарында дүлей желдің ықпалы қатты сезілді. Дауыл кесірінен ағаштар құлап, көше шамдары істен шыққан. Ғимараттардың шатыры қираған. Элект қуаты бұзылып, 300 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Күшті жел орман өртінің жылдам таралуына сеп боған. Кей штаттарда қызыл жалынның жүзге жуық ошағы тіркелді.