Қант зауыттарының күшін аттыру үшін қандай жұмыстар істелінеді?
2025 жылы қант қызылшасының егіс алқабы 18,4 мың гектарға дейін қысқартылады. 2024 жылы алқап 25,2 мың гектарға дейін ұлғайтылған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, былтыр Қазақстанда қант қызылшасының рекордтық көрсеткіші жиналған болатын. Бірақ отандық зауыттар қуаты барлығын өңдеуге жетпеді. Содан үкімет тарапынан қолдау шаралары қолға алынды. Қант қызылшасының бір бөлігін Қырғызстандағы зауытқа жіберді. Осылайша, былтыр жиналған қант қызылшасының рекордтық 1,3 млн тоннасының 95 проценті өңделді. Ендігі кезекте қант зауыттарының күшін аттыру қажет. Сондай-ақ, жаңа зауыттар қажет болады.
Министрліктің жоспары:
2026 жылға дейін Меркі қант зауытының қуаттылығын тәулігіне 3 мың тоннадан 4 мың тоннаға дейін арттыру;
Тараз қант зауытына жаңа технологиялық жабдықтар орнату;
Жетісу облысында екі жыл ішінде Көксу зауытының қуаттылығын тәулігіне 2,2 мың тоннадан 5 мың тоннаға дейін көтеру;
Жамбыл облысының Шу қаласында тәулігіне 8 мың тонна шикізат өңдейтін заманауи жоғары технологиялық қант зауытын салу;
Павлодар облысының Ақсу қаласында 8 мың тонна қант қызылшасын қабылдай алатын зауытты тұрғызу;
2025 жылдың тамыз айында Алматы облысында қант зауытының құрылысын бастау.
"Осыған байланысты жұмыс істеп тұрған қант зауыттарының қайта өңдеу әлеуетін және агротехнологиялық талаптарды ескере отырып, облыс әкімдіктерінің алдын ала деректері бойынша 2025 жылы қант қызылшасы егіс алқабының болжамды көлемі 18,4 мың га болады", – дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, 2023 жылы қант қызылшасының егіс алқаптары 13,4 мың гектар болған. 2024 жылы оны 25,2 мың гектарға дейін ұлғайтқан. Енді 18,4 мың гектарға дейін тағы азайтайтын деп жатыр.