Сүйінші! Наталья Богданова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жобалар

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова (70 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан дүбірлі доданың жартылай финалында ол Лиза Эдель О’Руркпен кездесті.

Жекпе-жек барысында қос қарсылас тартысты бәсеке өткізді. Натальяның сәл басымдығы байқалып тұрды. Алайда ирландиялық боксшы да оңтайлы сәтте соққы жұмсап үлгерді.

Нәтижесінде Наталья Богданова қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін қанағат тұтты.

Наталья Богданова қазірге дейін әлем чемпионатында мұндай жоғары табысқа жеткен жоқ. 1999 жылы дүниеге келген ол 2022 жылы Жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған еді. Әзірге одан басқа қол жеткізген жүлдесі жоқ.