Астанада дәрігерлер 11 жастағы баланың ішінен тіс шұқығыш алып шықты

Жобалар

Ата-анасының айтуынша, кешкі уақытта бала іші ауырғанын айтып шағымданған. Содан оны ауруханаға алып келген , деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлер баланы бастан-аяқ тексеріп, рентгеннен баланың ішінде бөгде заттың барын байқаған. Алайда экран арқылы ұшы үшкір, ішекке жабысып қалған не екенін анықтай алмаған. Баланың жағдайы ушығып кеткендіктен оған шұғыл түрде ота жасалған. Сол кезде дәрігерлер оның ішек жолдарынан тіс шұқығышты алып шыққан.

Өңештен өткен тіс шұқығыш ішек жолының ортасына келгенде тіреліп қалған. Ал ішекке біте қабысып кеткеніне қарағанда, бала оны бірнеше жыл бұрын жұтып қойған болуы мүмкін. Қазір баланың жағдайы жақсы.

- УЗИ, КТ зерттеуінде ісік тәрізді бөгде дене бар деген күмәнмен жедел операцияға алынды. Диагностика лапароскопия кезінде ісік ашылғанда ұзақ уақыт болған бөгде дененің тіс шұқығыш екені анықталды, – дейді Астана қалалық №2 көпбейінді аурухананың хирургі Әсем Шәкеева.