Иордан өзенінің батыс жағалауында Израильдің әскери операциясы жалғасып жатыр

Жобалар

Израиль әскері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы операциясын жалғастырып, босқындар лагеріндегі үйлерді бұзып жатыр.

Кейінгі бір тәулікте 20-ға жуық баспана жермен жексен болды. Бұған дейін лагерлерден 40 мыңдай палестиналық эвакуацияланған. Еврей әскерилерінің пайымдауынша, мұнда қарулы топтар жасырынуы мүмкін. Бір айдан астам уақыт ішінде олар Иордан өзенінің батыс жағалауында жүздеген адамды қамауға алып, жүзден аса қару тәркілеген.