Қазақстанда 2019 жылдан бері не өзгерді?

Жобалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдан бері не өзгергенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«2019 жылдан бері Қазақстан экономикасының нақты өсімі 15,5 пайыз болды. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 288 миллиард долларға жетті, ал жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 46 пайызға жуық артып, 14 мың доллардан асты. Сыртқы сауда айналымы 45 пайызға жуық өсіп, 140 миллиард доллар болды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция бір жарым есеге ұлғайды. Былтыр оның көлемі 19 триллион теңгеден асты. Инвестиция білім-ғылым саласына 5 еседен астам, көлік саласына 3 есеге жуық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласына 3,5 есе көп салынды. Осы уақытта 500-ден астам мектеп бой көтерді. Көптеген денсаулық сақтау, спорт және басқа да әлеуметтік нысандар ашылды. 4400 шақырымға жуық автокөлік жолдары салынды және жөнделді. Жаңа темір жол желілері пайдалануға берілді. Ондаған өндіріс орны іске қосылды»

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!