ШҚО-ның Қасым Қайсенов ауылында көпсалалы аурухана құрылысы жүріп жатыр

Жобалар

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Қасым Қайсенов ауылында көп салалы аурухана салынады, деп хабарлайды 24kz.

Өңірдегі ірі аудандардың біріндегі медициналық мекеме 30 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Аурухана пайдалуға берілгеннен кейін рентген, эндоскоп сияқты құрал-жабдық алынады. Ескі емхананың тар кабинетінде қысылып-қымтырылып отырған дәрігерлер су жаңа ғимаратта жұмыс істейтін болады.

Қасым Қайсенов ауылында көпсалалы жаңа аурухана биыл пайдалануға беріледі. Мамандардың айтуынша, жаңа нысан жабдықталуы жағынан орталық қалалық емдеу мекемелерінен кем соқпайды. Рентген, эндоскоп, УЗИ аппараттары алынады. Ал дәрігерлер жайлы кабинеттерге ауысады.

Қарлығаш Айтқазынова, ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы:

-Емхананың жалпы дайындығы қазіргі таңда бізде 65%-ті құрайды. Қазіргі таңда атап айтсақ, осы емхана ғимаратында ішкі әрлеу жұмыстары, қасбеттік жұмыстарды орнату бойынша атқарылуда. Құрылыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жоспарлануда.

Қолданыстағы ескі емхана бес қабатты тұрғын үйде орналасқан. Медициналық мекеменің аумағы үш бөлмелі пәтердің көлеміндей.

Блиц 1:

- Мына жерде өте тар. Бірінің үстіне бір бәрі орналасқан. Бізге міндетті түрде жаңа аурухана қажет.

Блиц 2:

- Іші тар. Сырқаттанып келген үлкен кіші тығыз отырады. Сондықтан бұл жерден аурудың үстіне ауру жамап кетесің.

Тар жерде қарбалас ,кезек тудырмас үшін дәрігерлер үш ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр.

Гаухар Сүлейменова, қасым Қайсенов кентіндегі амбулаторияның бас дәрігері:

- Қазіргі емханамыз стандарттық денгейге сай келмейді. Дәліздері өте тар. Бізге тіркелгендер саны сегіз мың болғанымен, біз жедел медицина қызметін көрсетіп жатамыз.

Биыл қаралушылар да, дәрігерлерде осындай қолайсыздықтан құтылатын болды. Жаңа аурухана ғимараты кең. Нысанды жобалауға медицина қызметкерлері де атсалысқандығын айта кеткен жөн.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин