Хостелде өрт шығып, 5 адам қаза тапты

Жобалар

Благовещенск қаласындағы заңсыз жұмыс істеген жеке хостелде өрт болып, 5 адам көз жұмды, тағы 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт шыққан ғимаратта дабыл жүйесі болмаған. SHOT мәліметінше, өрт түнде Чайковский көшесіндегі ғимаратта басталған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарының ақаулығы себеп болған. Тілсіз жаудан үш ер адам мен екі әйел түтінге тұншығып, қаза тапты.

Заңсыз жұмыс істеген «қонақ үйдің» иесі қамауға алынды. Тергеу барысында бұл ғимарат бұрын жергілікті сіріңке зауытының асханасы болғаны анықталды. Алайда оның арзан хостел ретінде пайдаланылып жүргенін бақылаушы органдар білмеген. Қазір полиция мен прокуратура оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, қылмыстық іс қозғады.