Елімізде онлайн саудаға сұраныс 5 есе артқан

Жобалар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Ел ішінде соңғы 5 жылда электрондық сауда 5 есеге өскен. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді. Айтуынша, былтыр отандық маркетплейстер бюджетке 150 миллиард теңге, ал халықаралық маркетплейстер 35 миллиард теңгеден астам «Google салығын» төлеген. Ведомство өкілі интернет арқылы тауар сатып алғандардан көп шағым түсетінін де жасырмады. Қазір министрлік осы мақсатта заңнаманы жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Ал, Мәжіліс депутаттары электронды саудада тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған түзетулер енгізуді қарастырып жатқанын жеткізді.

Асылбек Данияр