13 наурыздан бастап жолда қозғалыс шектелуі мүмкін

Жобалар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бүгіннен бастап жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, 13 наурыздан бастап Қазақстанда жеке құрам мен әскери техника тасымалданбақ. Бұл — Жеңістің 80 жылдығына арналған Астанада өтетін әскери парадқа дайындық шараларымен байланысты.

Осы ретте, еліміздің кейбір аймағында жолдың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелмек. Сондай-ақ 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның ұшу жаттығулары жүргізіледі. Сол себепті Астана аспанын пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.

Динара Жарқынбек