“Астанада жігітті сауда орталығынан әскерге күштеп алып кеткені“ туралы видео тарады: министрлік не дейді?

Жобалар


Әлеуметтік желіде "Астанада әскери комиссариат қызметкерлері жігітті жұмыс уақыты кезінде күштеп алып кеткені" туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Желідегі мәліметке сүйенсек, бұл оқиға сауда үйінде оның әріптестері мен куәгерлердің көз алдында болған. Кейбірлер бұл жайтты видеоға түсіріп алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КОКШЕТАУ (@kokshe_city_03)

Қорғаныс министрлігінің пікірі

Астана қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент жағдайға пікір білдірді.

"4 желтоқсанда жедел профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, азамат Ә.-ні тоқтатты. Ол 2002 жылы туған, дерекқорда әскерге шақыру жасындағы тұлға ретінде тұр. Тексеріс барысында азамат бұған дейін әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті медициналық куәландырудан өтпегені анықталды. Оған қалалық бөлімшеге бару ұсынылды, бірақ ол бас тартты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азамат медициналық комиссиядан өту үшін жеткізілді. Алғашқы медициналық тексеріс нәтижелері бойынша ол тұрақты тіркелген жері бойынша қосымша тексеріске жіберілді. Оған тиісті жолдама берілді, содан кейін ол үйге жіберілді. Азамат тарапынан заңсыз әрекеттер туралы шағымдар мен арыздар түскен жоқ", — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget