Еуроодақ АҚШ енгізген баж салығына қарымта шешім қабылдады

Жобалар

Еуроодақ АҚШ-тың алюминий мен болатқа баж салығын енгізу туралы бастамасына қарсы шара қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Ол екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Бұны Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім Американың көлік, ауыл шаруашылығы және авиация саласына өз әсерін тигізеді. Бірақ тараптар ортақ келісімге келсе, бұл шешімді өзгертуге болады. Айта кетейік, АҚШ билігі бүгіннен бастап Еуроодақ елдерінен келетін алюминийге 10%, болатқа 25% баж салығын енгізді.

Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық одақ комиссиясының президенті:

- Еуроодақ бизнес пен тұтынушылардың құқығын қорғау үшін қарсы шара қабылдауға тиіс. АҚШ тарапы 28 млрд доллар шамасында салық енгізді. Біз бұған қарап қалмаймыз. Еуроодақ 26 млрд еуро көлемінде қарымта шара қолға алады.