Ташкенттегі Ислам өркениетінің орталығы – Өзбекстанның ең маңызды идеологиялық жобаларының бірі. Бұл қарапайым сәулет нысаны емес, Ислам ағартушылығы, ғылыми мұра және мәдени жаңғыру идеяларына негізделген жаңа мемлекеттік саясаттың символы. Ислам өркениеті орталығы меценатттардың қолдауымен бой көтерген.
Күмбезді кешен 2017 жылы бой көтерген. Бүгінде 10 гектар аумақты алып жатқан орталықта мұражай, зерттеу және білім беру алаңдары, кітапхана мен мұрағат орналасқан. Өзбек ұлтының нақышын келтірген орталықта Ислам өркениетінен сыр шеттетін архитектурасы мен күмбезі алыстан «мен мұндалайды».
Шавкат Аюпов, Өзбекстан ғылым академиясының президенті:
- Екінші қабат толықтай біздің шетелдік серіктестерімізге, ғалымдарға беріледі. Оларға барлық жағдай жасалады. Яғни Ислам өркениетін зерттеу орталығы біздің елге ғана емес, күллі адамзатқа қызмет етеді. Қазірдің өзінде Оксфордтың Ислам мәдениеті орталығының кеңсесі ашылды. Басқа да өкілдер келіп жатыр. Әлемнің барлық ғалымдарына есігіміз ашық.
Мұнда әр кезеңнің тарихымен танысуға болады. Ислам өркениетіне дейінгі кезеңнен бастап Ренессанс идеяларына дейін қамтылған. Ұлы ойшылдар, теологтар, көрнекті ғалымдар мен рухани көшбасшылардың мұрасымен танысуға мүмкіндік бар. Бір қызығы, кешеннің құрылысын өзбекстандық және шетеледік кәсіпкерлер мен мемлекет бірлесе жүргізді.
Фирдавс Абдухоликов, Ислам өркениеті орталығының директоры:
- Ғылыми зерттеулер ашқан жаңалықтарды сақтайтын орын керек. Ол жаңалықтар бірінші қабатта орналасады. Екінші қабат зерттеулермен, жобалармен айналысатын орын болады. Оның нәижелерін сонда осында жариялаймыз. Яғни бұл тек қатардағы мұражай емес, ағарту орталығына айналады.
Ташкент қаласындағы Ислам өркениеті орталығын өңір мемлекеттері басшыларының жетінші консультативтік кездесуіне келген Орталық Азия мен Әзербайжан президенттері де тамашалады. Мәртебелі қонақтар Өзбекстанның ең бай ортақ мұраны сақтау және насихаттау жөніндегі ауқымды күш-жігеріне жоғары баға берді.
Авторлары: Серік Селеубайұлы, Артём Грапов