Түркістан облысының прокурорлары 253 жұмысшының еңбек құқығын қорғады , деп жазады Egemen.kz.
Кентау қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына қадағалау жүргізу барысында «Эм-Холдинг» ЖШС-нің 2024 жылдың желтоқсан айында 253 жұмысшыға 111,8 млн теңге жалақы бойынша қарызы бар екенін анықтаған.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмысшылардың конституциялық құқықы қалпына келтірілген. Жұмысшылардың еңбекақылары өндіріліп, ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«ЖШС Кентау қаласындағы жылу-электр орталығының қазандықтарын қайта құру жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, прокуратура мердігерлік жұмыстардың тоқтап қалуына жол бермеді», делінген Бас прокуратура хабарламасында.