Финляндия президенті Александр Стубб фин компаниялары Қазақстан нарығындағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінгі кездесулерге дайындық барысында делегациядағы кәсіпкерлердің бірі "Қазақстандағы өзгерістің бәрі жедел жүріп жатқанын түсіну керек. Сондықтан баяу қимылдап, бюрократияға жол беруге болмайды" деді. Бұл — дамудың даңғылына түскен елдеріміз үшін қуанарлық жағдай", — деді Финляндия президенті.
Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!