Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бұл іс жақын арада сотқа түседі.
"Қазір Шерзаттың ісі прокуратурада зерттеліп жатыр. Алдағы күндері, осы апта ішінде ол сотқа түседі деп күтеміз", — деді Әділов Мәжіліс дәлізінде.
Бірақ ІІМ өкілі сот отырысы қашан басталатынын айтпады.
"Бұл — соттың құзыреті. Іс түскеннен кейін сот судьяны, негізгі сот талқылауымен кім айналысатынын анықтайды", — деді министрдің орынбасары.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!