Атырауда Батыс аймақтық волонтерлар слетіне 60-тан астам адам қатысты

Жобалар

Атырауда Батыс аймақтық волонтёрлар слеті өтті. Екі күндік іс-шараға Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 35 және 50 жастан жоғары тәжірибелі волонтёрлер қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Слеттің алғашқы күні пленарлық сессия өткізіліп, қатысушылар әлеуметтік жобаларды жазу және іске асыру бағытындағы тренингтерге қатысты. Ал екінші күні демалыс орнында тимбилдинг ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті", — деді облыстық Ішкі саясат басқармасы "Азаматтық орталық" КММ басшысы Жанат Досқалиева.

Фото: Атырау облысының әкімдігі

Ақтау қаласынан келген қоғам белсендісі Мир Жайлиевтің айтуынша, мұндай іс- шаралардың еріктілер үшін маңызы зор.

Атырауда еріктілердің Батыс өңірлік слетіне
Фото: Атырау облысының әкімдігі

"Волонтерлікпен 30 жасымнан бастап 12 жыл бойы айналысып келемін. Қайырымдылық, сенбілік және экологиялық шараларға белсенді қатысамын. Осындай жиындар бізге жаңа ақпарат алуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді", — деді ол.

Атырауда еріктілердің Батыс өңірлік слетіне
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Бүгінде Атырау облысында 50-ден астам волонтёрлік ұйым тіркелген, олардың ішінде 14 ұйым тұрақты және белсенді жұмыс істеп келеді. Көпшілігі қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

Атырауда еріктілердің Батыс өңірлік слетіне
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз