0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Шымкент қаласында былтыр жастар арасындағы жұмыссыздық 5 пайызға төмендеді. Оған соңғы бес жылдың ішінде елімізде IT, инженерия және өндірістік мамандықтар бойынша жұмыс орындарының 15%-ға артқаны себеп.
«Bir Tolqynda: Жұмысшы мамандықтар — жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы форумда жастардың кәсіп таңдауына көмектесу, табысқа жету және олардың мансаптық өсуі жолдары секілді мәселелер талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар менторлық сессиялар барысында кәсіби даму, тұлғалық өсу, маркетингтік стратегиялар бойынша білімін жетілдірді. Мыңға тарта адам қатысқан басқосу аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оңтүстік индустриалды аймағындағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Бекзат Төлебай, «Жастар рухы» жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы:
Форумды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз осы жылдан бастап біз осы жұмысшы мамандықтарының статусын көтеріп, жастар арасында техникалық, кәсіптік бағыттағы мамандықтардың жұмыстарын насихаттап, барынша жастарды көбінесе осы бағыттарға тартқымыз келеді.
Ғани Қалмаханов